#ШУ ҚАЛАСЫНДА ЕКІ БАС ІРІ ҚАРА ЗЕКЕТ БЕРІЛДІ

#ШУ ҚАЛАСЫНДА ЕКІ БАС ІРІ ҚАРА ЗЕКЕТ БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам дінімізде бес парыздың бірі дүниесі нисап мөлшеріне толған адам зекет беріп, кедейлерге үлестіруі міндеттелген. Он екі айдың сұлтаны Рамазан айында Шу қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Нұрлыханов Бақыттың ұйымдастыруымен екі бас ірі қара малы зекетке берілді. Бір басын сойып шикідей еті 40 отбасыға таратылды, бір бас ірі қара малын  мұқтаж отбасыға тірідей берілді.

Алла Тағалам Рамазан айында сауабы еселеніп жазылатын игі іске  себепші болған, қолы ашық жомарт жандардың жаратушы Иеміз дүниесін арттырып, бастарына амандық берсін.

 Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі..

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: