#Жамбыл: Мешіттің ұйымдастыруымен 3 -ші үйдің іргетасы қалануда

#Жамбыл: Мешіттің ұйымдастыруымен 3 -ші үйдің іргетасы қалануда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен кәсіпкерден 3 жер телімі алынған болатын. Былтырғы жылы көп балалы отбасыға үй соғылып беріліп, бір отбасы қуанған болатын.

Рамазан айының басында екінші үйдің іргетасы қаланып, соғылу үстінде. Қасиетті Рамазан айының соңғы он күндігінде үшінші үйдің іргетасы қалануда. Ол Аса ауылының көпбалалы отбасына берілмек.

Ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы үй құрылысына ат салысып жатқан аудан жастарына, мешіт жамағатына, кәсіпкерлерге өз алғысын білдірді. Алла тағала кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық, Рамазан айында тұтқан оразаларымызды қабыл етсін!- деп ізгі тілегін білдірді.

 Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: