Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған Жамбыл ауылдық "Әл-Хафиз" мешіті бүгін жамағатқа есігін ашты.
Алла үйіне ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы барып, жасалған жұмыстарымен танысып, құрылыс жүргізген азаматтарға өз атынан алғыс хат, жайнамаз, Құран, тасбих сыйға тартты.
Сонымен қатар жұмыс атқарған ер азаматтар мен әйел кісілерге де сыйлық жасап, көпшілікті Рамазан айымен құттықтады.
Мешітті жөндеудің сауабын тілге тиек еткен бас имам жұмыс тобына өз алғысын жеткізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі