Қасиетті Рамазан айында көмекке мұқтаж жандарға қол үшін беру – сауабы мол, қайырымды іс. ⠀
Міне, осындай қайырымды іске Меркі ауданы әкімі Руслан Нұрсипатовта ұйытқы болып, ауданымыздағы көпбалалы аналарға, әлеуметтік аз қамтылған және көмекке мұқтаж, жалпы 100 отбасыға азық-түлік дорбаларын таратып берді.
Азық-түлікпен қамтылған отбасы мүшелері аудан әкіміне өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірсе, Руслан Маратұлы қайырымдылық жасау, мұқтаж адамдарға көмек беру, қолдан келгенше көмек беруге асығу – әрбір адамның азаматтық борышы, әрі сауабы мол қайырымдылық екенін атап өтті.⠀
Сонымен қатар, көпшілік алдында сөз алған ауданның Бас имамы Нұрбек Жанықұлов қайырымдылық жасау – әрбір мұсылманға парыз, сауабы молынан жазылатын игі іс екенін, әсіресе, осынау Қасиетті Рамазан айында жасалған қайырымдылық еселеніп қайтарылатынын жеткізді.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


07 Қараша 2025
16 Джумада-авваль 1447

