Талас ауданына қарасты ауыл мешіттері ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай жүзеге асырылып жатқан «Рамазан керуені» қайырымдылық марафонына белсене қатысуда.
Талас ауданы Тамды ауылы «Тәңкіба ата» мешіттердің ауласында өткен шарада азық-түлік қоржындары 50 мұқтаж отбасыларға табысталды.
Жиналған отбасылар мешіт қызметкерлеріне, осы қайырымдылық шарасына мұрындық болған азаматтарға ризашылық білдірді.
Қаратау Қажы би аудандық мешітінің баспасөз қызметі