Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен Аса ауылының «Бауыржан» дүкені екі жылдан бері, әр жұма сайын тегін 20 нан таратып келеді.
Бұл қайырымдылық қасиетті Рамазан айында бейсенбі-жұма күндері өткізілуде. Бүгін қасиетті жұма күні 200 дана нан, құрма, су пакетке салынып, халыққа тегін үлестірілді.
Аудан имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы дүкен иелеріне қасиетті Рамазан айындағы жасаған игі істеріне береке мен дәулет берсін - деп өз алғысын білдірді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі