#Меркі ауданы: «Рамазан керуені» марафоны жалғасуда

#Меркі ауданы: «Рамазан керуені» марафоны жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданының аудан, ауыл мешіттері ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне  орай  жүзеге асырылып жатқан «Рамазан керуені» қайырымдылық марафонына  белсене қатысуда.

Қасиетті айда  аудандық орталық «Меркі ата» мешіті ауласында өткен аталмыш  марафонға  30  азық-түлік пакеті ауданның түкпір-түкпіріндегі ауылдағы мешіт жамағатына, қарттарға, мұқтаж отбасыларына  жеткізілуге жол тартты.

Мешіт алаңына жамағат, еріктілер мен белсенді жастар жиналып, сауапты іске бір кісідей атсалысуға асықты.

Сауапты іске атсалысуға ниет еткен автокөлік жүргізушілері алдын-ала жасалған тізім бойынша, жалпы сомасы 300 000 теңге болатын азық-түлікті 30  мұқтаж отбасылардың үйіне жеткізіп берді.

Осылайша, «Рамазан қоржындары» тиелген көлік аудан тұрғындарына, тұрмысы төмен отбасылардың мекен-жайларына жіберілді.

Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: