Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде темір тордың арғы жағындағы азаматтармен жұмыс жүргізетін имамдардың жиналысы өтті.
Жиналысты осы мешіттің наиб имамы Бахтияр Амиреев жүргізді. Түрмеде отырған азаматтармен қалай жұмыс жасау керек, қалай оңалту керек сынды мәселелер сөз болып, түзету мекемесіне кіру барысындағы қиындықтар, жұмысты уақытылы жүргізу талқыланды.
Мамандар жиын барысында жоспар бойынша жүргізіліп отырған тапсырмаларды пысықтап алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі