#Қордай: Бетқайнар ауылының оқушылары дін маманымен кездесті

#Қордай: Бетқайнар ауылының оқушылары дін маманымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы Бетқайнар ауылдық мешітінің имамы Нұрлан Жиенбаевтың қатысуымен Бетқайнар орта мектебінде теріс ағымның алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектеп оқушылары дінге қатысты көкейкесті сауалдарын қойып, маманнан дәйекті жауаптар алды. 

Имамның айтуынша діни білім алу - жат ағым ұстанушыларымен бетпе-бет келгенде, сенім тұрғысынан сергелдеңге салмайтын діни иммунитет болмақ. Сондықтан да кез келген діни сұрақты имамдарға  қойған жөн. 

Шарада теріс бағыт ұстанушы мен дәстүрлі діннің айырмашылығы, сенім тұрғысындағы өзгешеліктері, сипаттары, қоғамға зияны тілге тиек болды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: