Халықаралық конференция дайындығы пысықталды

Халықаралық конференция дайындығы пысықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жоспарына сәйкес, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Атлах" шайхасына 1270 жыл толуына байланысты Жамбыл облысында өтетін "Қазақ даласына исламның келуі" атты халықаралық ғылыми-танымдық конференциясына дайындық жұмыстарын пысықтауға арналған ресми жиналыс жасалды.  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев басшылық еткен жиынға ұйымдастырушы жұмыс тобы қатысты.

Жиын барысында конференцияға келетін барлық қонақтардың тізімі жасалып, басқа да облыстардан, шет елден келетін адамдарды күтіп алу, қонақ үйге орналастыру, ас ұйымдастыру мәселесі бүге-шегесіне дейін қаралып, жауапты мамандар тағайындалды. Сонымен қатар баяндама жасайтын дінтанушы, тарихшы мамандар тізімі жасалып, толықтырулар жүрізілуде.  

Жиын өтетін жердің безендірілуі, ғылыми мақалалардың басып шығарылуы, қатысушыларға берілетін сыйлық сынды барлық қажеттіліктер талқыланып, жұмысшы топ жауапты мамандарға жеке-жеке жоспар дайындауды ұйғарды.

Б.Әліпбекұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ерекше маңыз беріп отырған осы Жамбыл өңіріндегі конференцияның жоғарғы деңгейде өтуіне жан-жақты жұмыс жүргізу қажет екенін атап өтті. Бас имам мамандарға нақты тапсырмалар жүктеп, 3 маусымға дейін әлі де дайындық жұмыстарын пысықтап отыратынын жеткізді. Айта кетейік, ұйымдастырушы топ құрамына 16 маман бекітілген.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

            

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: