«Ислам қаржысы мен капиталы Еуропаны дағдарыстан алып шыға алады, соның ішінде Италия да бар, егер бұл мемлекет өндірісте, логистикада және саудада халал стандарттарын басшылыққа алатын болса». Үстіміздегі жылдың наурыз айының 26-30 аралығында Рим қаласында өткен Халықаралық халал кеңесінің мәжілісінде қаралатын мәселенің өзегі осында жатыр.
Халықаралық халал кеңесінің Италиядағы бөлімшесі ұйымдастырған аталмыш шара аясында осы елдің астанасында тұңғыш рет 57 мұсылман мемлекетінің өкілдерінің басы қосылды. Аталмыш кеңестің Италиядағы бөлімшесі осы елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шариғат талаптарына сай келетінін растап, сертификат беретін бірден-бір орган болып табылатынын айта кету керек.
«Біз Италия экономикасына инвестиция құюға әзірміз. Өйткені, Жерорта аймағы бойынша халал орталығын осы елден көргіміз келеді»,- деп мәлімдеді Сауд Арабиясының ислами банк саласы жөніндегі комитеттің мүшесі, шейх Фахах Аларед.
Неге осы елді таңдады? Ол жағын ашып айтпады.
muslim.kz