Екі елге қажылыққа тыйым салынды

Екі елге қажылыққа тыйым салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Африка құрлығындағы Либерия мен Гвинея елдерінде геморрагиялық Эбола безгек ауруының вирусы табылуына байланысты аталған екі елдің кіші және үлкен қажылыққа барушыларына виза берілмейтінін айтып, тыйым салынды. Денсаулық сақтау министрліктерінің шенеуніктері: «Либерия мен Гвинеядағы бұл қатерлі вирустың тарағанына да біршама уақыт болды. Сондай-ақ, осы дертке шалдыққан бірнеше адам өмірімен қош айтысты», - деп хабарлайды. Осы тұста, билік басындағылардың кеңесі бойынша әлемнің барша елінен парыздарын өтеуге келген миллиондаған қажылардың қауіпсіздігі үшін, Либерия мен Гвинея халқына вирус жойылғанша қажылыққа баруға бөгет қойылды.

Айта кетейік, батыс африкада орналасқан Гвинеяда тараған геморрагиялық безгек вирусынан бүгінгі күнге дейін 59 адам көз жұмып, тағы біршамасы ауыр халде ауруханаларға орналастырылған.

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сүйенер болсақ, қазіргі уақытта Либерияда да аталмыш вирустың 7 белгісі табылып, 2 науқас аурухана жөнелтілген.

Эбола деп аталатын бұл вирус өте ауыр әрі өлімге душар ететіндей қауіпті. Бүгінде медициналық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей бұл  вирусты жұқтырған жандардың 90 пайызы көз жұмады екен.

Әлемдердің Раббысы Алла тағала бұл дертке шалдыққан барша адамдарға шипасын дарытып, ауыр сынақтан шығар күш пен қуат дарытсын!

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: