Моңғолия мүфтиі іс-сапармен келді (ФОТО)

Моңғолия мүфтиі іс-сапармен келді (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Моңғолия мүфтиі Өмірбек Мұқайды, Моңғолия мұсылмандары Одағының атқарушы әкімі Батырбек Хадысты және делегация мүшелерін қабылдады.

Кездесуде Батырбек Хадыс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2014 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялаған оң бастамасын құптайтынын жеткізді. «Бұл – халықты дін мен дәстүрді құрметтеуге шақыратын үлкен игі бастама. Өйткені, дәстүрінен ажыраған халық дінінен де безеді», – деді Б.Хадыс. Баян-Өлгей аймағынан келген қонақ ҚМДБ-ның оқу-ағарту, білікті имамдар тобын қалыптастыру, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру бағатындағы іргелі іс-шаралардан алар тәжірибе мол екенін сөз етті.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мешіттер мен медреселердің, Ислам институтының, «Нұр Мүбарак» Ислам Мәдениеті универсиететінің жұмысы жайлы баяндады. ҚМДБ төрағасы Орта Азия Діни басқармалары арасында тәжірибе алмасу жұмыстарын жолға қою қажеттігін алға тартты. Арнайы басқосуларды ұйымдастыру мәселесін көтерді.

Тәжірибе алмасу мақсатында келген Моңғолия делегат мүшелері мүфтияттың бүгінгі жұмысымен жіті таныспақ.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: