#Жуалы ауданы: «Берекелі Рамазан» қайырымдылық акциясының екінші апталығы

#Жуалы ауданы: «Берекелі Рамазан» қайырымдылық акциясының екінші апталығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітіне қарасты ауылдық мешіттерінің  имамдары Рамазан айының екінші он күндігінде бір қатар қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратты.

Атап айтатын болсақ, Бауыржан Момышұлы ауылы,  «Толымбай тегі Зиябек»  мешітінің имамы Амирбаев Нұрлан Жұмакерімұлының ұйытқы болуымен ауылда тұратын жағдайы төмен 300 отбасыға ауызашар себеті үлестірді. Жұмысалған қаражаты - 345.000 тг құрады.

Бауыржан Момышұлы ауылы, «Жуалы» мешітінің имамы Медетбеков Сейітқазы 4-отбасыға демеуші арқылы мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратты.

Қызыларық ауылы,  «Қызыларық» мешітінің молдасы Абилдаев Жайнардың ұйымдастыруымен, ауылда тұратын аз қамтылған 4 отбасыға азық-түлік таратты. Қаражаты - 70.000 тг құрады.

Дихан ауылы «Дихан»мешітінің имамы Жұматаев Жәнібектің ұйытқы болуымен, 3 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Қаражаты 35 000 теңгені құрады.

Күреңбел ауылдық  «Күреңбел» мешітінің молдасы Исаков Рамазанның ұйытқы болуымен ауылда тұратын 8 отбасыға қайырымдылық жасалды. Шара аясында 1 қап ұн және 5л май таратылды. Жалпы қаржы 100 000 ТЕНГЕ 1кәсіпкер арқылы.

Көлбастау мешітінде 20 отбасыға 25 кг ұн,  5кг шекер, 5кг күріш, 5кг макарон (екі түрі), тұз, 5 л май, 1 кг тәтті, печенье, тамат, шай жеткізіліп, барлығына 227 800 теңге қаражат жұмсалды. 

Айта кетейік, бұл қаражаттың 85 000-ы пітір-садақадан алынса, қалған соммасы жамағаттың демеушілігімен.

Бұл аптада қайырымдылық көмегі 339 адамға берілді. Жалпы жұмысалған қаражат 817 800 теңгені құрады.

Алдағы уақытта да осындай игі іс-шара жалғасын табаппақ.

 Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: