Сіз бұған не дейсіз?

Сіз бұған не дейсіз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам қолымен де, тілімен де өзгеге зиянын тигізбеуі керек. «Мұсылманның сипаты осындай болуы керек» деп жатады. Бокс – ең танымал спорт түрі. Онсыз спортты елестете алмайтын күйге жеттік... Әйел адамның зілтемір көтеруі де, футбол ойнауы да, семсерлесуі де, тіпті, бокспен шұғылдануы да қалыпты жағдайға айналғандай. Олардың спорттың осындай әйелге тән емес түрлерімен шұғылданғанына етіміз үйреніп кеткендей ме қалай? Әйел адамның орны – ошақ басы. Міндеті – отбасының ұйытқысы болып, балалар тәрбиесімен айналысу. Әйел адамның табиғаты жұмсақ, жаратылысы нәзік екені рас болса, неге әлгіндей спортты серік етеді деп кейде ойға шоматынымыз бар кей-кейде... Төмендегі мына жаңалыққа қалай қарайсыздар? Мұсылман әйелдің бокспен шұғылдануы ерсі көрінбей ме? Төрелігі өздеріңізде, мәртебелі оқырман.

Канада астанасындағы православтардың  Благовещения шіркеуінің астында «Финалды раунд» деп аталатын боксерлер клубы бар. (Мұндай клубтар Оттавада аттаған сай»ын кездеседі). Онда кәсіпқойлар мен әуесқойлар жаттығады. Алайда, біз сөз етіп отырған клубтың ерекшелігі сонда, аталмыш клубта шариғат шәлісін жамылған қыз-келіншектер рингке шығады екен. 

Аида Мамуджи есімді 29 жастағы келіншек екі жыл қатарынан үзбей жаттығып, 8 рет жекпе-жекке шыққан көрінеді. Ол Торонто қаласында өтетін «Күміс қолғап» турниріне дайындалу үшін тер төгіп жүр. 

Үйеңкілер елінде 1997 жылдан бері тұрып келе жатқан кейіпкеріміз Кувейттен келген. Бокспен 2010 жылдан бері үзбей шұғылданып келеді.

Оның айтуынша, әйел адамдардың бокспен шұғылдануында тұрған дәнеме жоқ. 

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: