РАНТ мүшелері Павлодар облысында

РАНТ мүшелері Павлодар облысында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-нан ұйымдастырылған  Республикалық Ақпараттық Насихат Тобының мүшелері Бауыржан Отарбаев пен Рүстем Сыздықовтың қызметтік іс-сапары наурыздың 25-і күнінен бастап Павлодар облысында басталды. Облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің имамдары және облыстық Діни Істер басқармасы басшыларымен бірлесіп РАНТ мүшелері  жоспарға сәйкес Павлодар облысындағы кездесулерін  алдымен қала маңындағы  АП162\4 зонасындағы жазасын өтеушілер мен тергеу изоляторында және қалалық «Ғазиз», «Әбу Бәкір Сыддық» мешіттерінде өткізді. Кездесулерде олар  асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап, қоғамда белең алған жат ағымдардың зияндылығы түсіндірді. Теріс ағымдардың ханафи мәзһабынан айырмашылығын және ұстанымдарының қателіктерін де  ежелеп айтып өтті.

Ал 26-наурыз күні РАНТ мүшелері Ақсу қаласында болып қалалық мешітте 50-ден астам жамағатқа, Жаяу Мұса атындағы колледжде 400-ге жуық студенттер, ұстаздармен жұмысшыларға,  С.Дөнентаев атындағы қалалық Мәдениет үйінде  жергілікті уағыз-насихат тобының  мүшелерімен қоса тарих және дінтану пәнінің оқытушылары, учаскелік инспекторлар, ауданға қарасты барлық мешіт имамдарымен кездесті. Екі күнде барлығы 700-ден астам адамдарға кездескен РАНТ мүшелері оларға діни сенімде ҚМДБ-нан  ұстанып отырған бағыт, ата-бабадан жалғасқан дәстүрлі дініміздің маңыздылығы мен құндылықтары, жат пиғылды ағым-секталардың мақсат-мүддесі туралы кеңінен түсіндіріп, көптеген  сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен 2014 жыл «Дін мен дәстүр» жылы болып жариялануының маңыздылығына да тоқталды.

РАНТ мүшелерінің қызметтік іс-сапары 29-наурызға дейін бекітілген жоспарға сай жалғасатын болады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: