Жоғалған ұшақ жолаушыларына қатысты пәтуа шықты

Жоғалған ұшақ жолаушыларына қатысты пәтуа шықты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Малайзия пәтуәлар кеңесі жоғалған MH 370 ұшағындағы жолаушыларды "мәфғуд", яғни "із-түссіз жоғалған" деп таныды. "Сондықтан олар өлгендер сапына қосылады" деп хабарлайды "New Strait Times". Кеңес төрағасы Тан Абд Шокор Хусин ұшақ бортында болған азаматтарды "сияхид ахират" -  аспанда азап шегушілер деп танып, осы сала ғалымдарының пікіріне орай нақты шешім қабылданғанын айтады. Ал жаназа-намаздың қашан оқылатыны жөніндегі сұраққа, кеңес төрағасы, барлық іздестіру жұмыстары толық аяқталған кезде оқылады деп жауап берген. Естеріңізге сала кетейік, ислам құқы бойынша, жер бетінде (аспанда емес) жоғалған адамдарды үш жылдан кейін ғана өлгендер сапына қосып, жаназа оқуға болады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: