#Тараз: 4 аймақ мешіттері пітір-садақасын қайырымдылыққа жұмсады (ФОТО\ВИДЕО)

#Тараз: 4 аймақ мешіттері пітір-садақасын қайырымдылыққа жұмсады (ФОТО\ВИДЕО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айында Тараз шаһарындағы 4-ші аймақ: "Ар-Рахман Ар-Рахим", "Әбу Бәкір әс-Сыддық", "Иса Ахмет", "Нәби" және "Жамбыл Жабайұлы" мешіттері бірігіп қайырымдылық науқанын өткізді. 

Алла елшісі құрмадан бір сағ немесе арпадан бір сағ пітір садақасын беруді әрбір мұсылман құл мен азаттыға, әйел мен еркекке, үлкен мен кішіге өлшеп бекітті. Және оны айт намазына шықпай тұрып беруді бұйырды. Міне, осы қасиетті айда мешітке берілген пітір садақасы тиісті мұқтаж отбасыларға жұмсалды. 

4 аймақ мешіттеріне келіп түскен 216 мың теңге пітір қаражатына  27 отбасыға азық-түлік алынды. Имамдар аталған қайрымдылық пакеттерін әр шаңыраққа жеткізіп, тұрғындарды Рамазан айымен құттықтап қайтты. 

Айта кетейік, 1 азық пакетіне 8 мың теңгеден жұмсалды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: