Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Отбасы құндылықтары" насихатталды. Жиында аталмыш мешіт ұстазы Жібек Болатбекқызы мешіт шәкірттерін жинап, "Тәкаппарлық - қарым-қатынасты бұзатын құрал!" тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Оған қоса, қазіргі таңда Түркия елінде оқып жатқан "Ислам психологиясының" докторанты Ләззат Мырзашпен онлайн тікелей эфирге шығып, әйел адамдардың отбасы, бала тәрбиесі, ер мен әйелдің диалогы жайлы сұрақтарын қойып, жауап алып отырды.
Мешітке отбасы мәселесімен келіп, уәжін айтатын адам аз емес. Бұл іс-шараның мақсаты, осы мәселелердің шешілуіне себепші болу. Ислам психологиясын меңгерген Ләззат Мырзаш отбасындағы әйелдің даналығы жайлы сөз қозғады.
Шәкірттер жиынның өте пайдалы болғанын айтып, алғыстарын білдірді.
Жібек Болатбекқызы
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі