Қасиетті жұма күні Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен мешіттің ауласында ораза ұстаған 50 кісіге ауызашар себеттері таратылды.
Аудан имамы Аят Дыбысұлының сөзіне бірауыздан келіскен кәсіпкер азаматтар демеушілік жасап, көпшіліктің батасын алды.
Алдағы уақытта осындай игі іс-шара жалғасын табатынын жеткізген аудан имамы мешітке келген көпшілікке, ауыз аштырумен ауызашудың сауабы жайында сүбелі өсиетін айтты.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі