Қайырым қылсаң, қайырын өзің көресің дегендей, Шу ауданына қарасты дін мамандары Рамазанның алғашқы он күнінде көп деген қайырымдылық науқанын өткізді.
Атап айтатын болсақ, аудандық "Төле би" мешіті 50 кісіге ауызашар себеттерін таратты. Жұмысалған қаражаты 150.000 теңгені құрады.
"Жиенбет Жексенбай" мешітінің имамы Бердібеков Шүкірәлі имамның ұйымдастыруымен 5 отбасыға 30.000 теңгеге азық-түлік алып таратылды.
"Баласағұн" мешітінің молдасы Байұзақтын Джаманкеевтің бастамасымен ауылда тұратын жағдайы төмен 20 отбасыға 313 260 теңгеге қайырымдылық жасады.
"Күнту баба" мешітінің иамы Берік Әуесбаевтың ұйымдастыруымен 4 отбасыға 5 қой зекет берілді. Мал бағасы орта есеппен 300 000тг.
"Бірлік" мешітінің молдасы Жұматаев Медеттің ұйытқы болуымен 6 отбасығы 30 000 теңгеге қайырымдылық жасалды.
"Қонаев" мешітінің имамы Құлыбек Ердаулет болса, ауылда тұратын 10 отбасыға 198 000 теңгеге азық-түлік алып таратты.
"Бөлтірік" мешітінің имамы Мұңалбеков Біржан 5 отбасыға 100 000 теңгеге азық-түлік жеткізді.
"Бірлікүстем" мешітінің молдасы Жетпісбай Әлімбеков 2 қой сойып, 10 отбасыға таратса, "Көкқайнар" мешітінің молдасы Темірлан Оразбаев 1 қой етін 5 отбасыға таратты. Жалпы қайырымдылыққа жұмысалған қаражат саны 921 260 теңгені құраса, зекет малының қаражаты орта есеппен 300 000 теңге болды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі.