РАНТ мүшесі Тараз қалалық «Әзреті Әли» мешітінің бас имамы Ғазиз Ахметов Қосбөлтек ауылдық мешітінде «Өсек-аяң» тақырыбында уағыз жүргізді.
Хакім Абай адамзаттың бес дұшпанының бірі санаған өсек, ғайбат айтумен күресу қай заманда да өзекті, маңызды күйінде қалып келеді. Бұл жағымсыз қылықтан арылу жолдарын насихаттау мақсатында Қосбөлтек ауылдық мешітінде аталған тақырып уағызға арқау болды.
Білікті маман ғайбат айту және оның зардаптары жайлы сөз сөйледі. Ұйып тыңдаған жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, ғайбат айтудан арылудың жолын, әдісін тізбектеп түсіндіріп өтті.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі