Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамы әрі қала бойынша «Жастар ісі» секторының жауапты қызметкері Қайырғали Бахтиярұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында көпшілікке арнап «қол пакеті» түрінде 110 кісіге ауызашар тағамы таратылды.
Барша мұсылмандардың қуанышы болған берекелді Рамазан айында әрбір мүмін кісі жақсылыққа ұмтылып, қолынан келгенше хайырлы да ізгі амалдарды жасап, бойындағы айыптар мен кемшіліктерден құтылуға асығары анық. Сондай-ақ адамзаттың асылы болған Пайғамбарымыз(с.а.с): «Кімде-кім ораза ұстаған бір кісінің ауызын аштырса (ораза ұстаушы кісінің сауабы кемітілмей), ауыз аштырған кісі ораза ұстағандай сауап алады» деп баян еткен. Бұл әрбір мұсылман баласына сауап жасау жолында үлкен бір ынталандырушы хадис.
Алла тағала елімізді түрлі ауру мен жамандықтардан сақтап, көк туымыз көк аспанның астында қияметке дейін желбірей берсін.
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі