#Қордай: Облыс бас имамы қайырымдылық шарасына қатысты

#Қордай: Облыс бас имамы қайырымдылық шарасына қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық мешітінде Рамазан айының құрметіне кезекті қайырымдылық науқаны жасалды.

Айтулы іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен мешіт қызметкерлері қатысты. 

Игі шара аясында 30 адамға азық-түлік қораптары таратылды. Өңірге арнайы ат артып келген бас имам тұрғындарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ораза айы, қайырымдылық, мейірім жайлы көркем насихат айтты.

Көмек алған әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі отбасылар мешіт қызметіне шын жүректен алғыстарын айтты. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: