Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінде Әжелер алқасына арналған діни оңалту бағыты бойынша семинар жүргізілді. Шарада теріс ағым деген не, елімізде қандай жат ағым түрлері бар, оларды қалай анықтауға болады, олардың ұстанымдары қандай тақырыптары түсіндірілді.
Семинарды аталған мешіттің наиб имамы Бахтияр Амиреев жүргізді. Маман ақ жаулықтылардың жетісі, қырқы, жылдығын беру, келіннің сәлем салуына шариғат не дейді сынды сауалдарына жауап берді.
Дін маманы: "Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Ең жақсы мұсылман – басқаларға тілімен және қолымен зиян келтірмейтін», - деген. «Қорқытпаңдар, сүйіншілеңдер, ауырлатпаңдар, жеңілдетіңдер», - дейді келер бір хадисінде" - деп нақты мысалдар келтіріп өтті өз сөзінде.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі