Бүгін Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Иордания Хашимиттік королдігінің төтенше және өкілетті елшісі Слайман Арабиатты қабылдады.
Кездесуде екі ел арасындағы діни мәселелер айтылып, өзара тәжірибе алмасу жайы талқыланды. Сондай-ақ, еліміздегі мешіттердің жұмысы, медіреселер мен діни оқу орындарының кадр дайындау жұмыстары қозғалып, қазақ елі шәкірттерінің Иордания аумағында білім алуы мәселесі көтерілді.
muslim.kz