Ақпараттық-насихаттық тобы (ФОТО)

Ақпараттық-насихаттық тобы (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі уақытта дін ең өзекті мәселеге айналғаны бәрімізге мәлім. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен» дегендей дініміздің асыл құндылығын дұрыс түсінбей, талдап-талғамай, өзге ағымдардың жетегінде кетіп жатқан жастарымыз діни экстремизмнің өршуіне себеп болуда. Осындай сәтте жастарды жат ағымға жібермей, ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі дініміз Исламға қайтару діннен хабары бар әрбіріміздің адамдық міндетіміз болып табылады. Сол міндетті жүзеге асырудың бастамашысы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Ақпараттық-насихат тобы мен Жамбыл облыстық дін істері басқармасының өкілдері біріге отырып, өңіріміздегі теріс ағымдардың алдын алып, діни ахуалды тұрақтандыру мақсатында бірқатар жұмыстарды қолға алғаны белгілі.

Жуырда Тараз жеріне келген Ақпараттық-насихат тобының құрамында елімізге белгілі дін ғалымы Әбсаттар Сманов, «Нұр» Қазақ-Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы, Алматы орталық мешіттің наиб имамы Сейдманов Оралхан және облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі Данияр Жұмабаев, Облыстық Дін істері басқармасының төрағасы Серғали Өмірзақұлы болғанын айта кету керек. Ақпараттық-насихат тобы кезекті кездесуін Тараз қаласындағы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеттен бастады.

Шәкірттермен кездескен АНТ мүшелері университет түлектеріне, ұстаздарына асыл дініміз Исламның артықшылығы жайында, қазіргі кезде дінімізді іштен іріту мақсатында шетелден небір қолдан жасалған ағымдардың келіп, жастарымыздың санасын улап жатқаны турасында уағыз-насихатын айтты. Жат ағымның жетегінде кетпеу үшін ең әуелі дініміз исламды жақсы біліп, діни сауаттылықты арттыру керектігін жастарға жеткізді. Кездесу Тараз қалалық №54 мектеп-гимназиясында жалғасын тапты. Оған қаладағы барлық мектеп ұстаздары мен дінтанушы мұғалімдер қатысты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: