#Жамбыл: Рамазан - қайырымдылық айы

#Жамбыл: Рамазан - қайырымдылық айы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданында қасиетті Рамазан айының алғашқы күні «Тұрғани» мешітінің және қыздар секторының ұйымдастыруымен жағдайы төмен, көпбалалы 65 отбасыға қайырымдылық жасалды. Рамазан айында өткен іс-шараға ат салысқан кәсіпкерлерге Алла олардың Рамазанда жасаған игі істеріне үлкен сауаптардан жазсын.

Ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы Рамазан айындағы ғибадат пен ізгі амалдардың сансыз сауапқа кенелетінін тілге тиек етіп, бұл айда мұсылмандардың қайырымдылық пен жақсылық жасауға аса мән бергені жөн екендігін айтады. Өйткені ораза, алдымен, Алла үшін жасалатын өнегелі ғибрат саналады әрі оның сауабын бір Алла ғана береді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: