Т. Рысқұлов аудандық тарихи – өлкетану мұражайында «Жат ағым жетегінде кеткен жастар» атты мұражай қызметкерлері мен қонақтарына арналған іс-шара өтті.
Т. Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншарип қажы Джадраев іс-шараның құрметті қонағы болып, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап айтып берді.
Сонымен қатар, қауіп-қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, қандай да бір діни сауал туындаған жағдайда тек қана мешіт имамдарынан сұрауға шақырды.
Т.Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі


12 Қаңтар 2026
23 Раджаб 1447

