Тараз қаласы мешіттері «Қош келдің, Рамазан!», «Он екі айдың сұлтаны Рамазан!», «Рамазан айы мүбарак болсын!» жазулы баннерлермен безендірілді.
Рамазан айымен қуанту мұсылманның міндеттерінен болғандықтан Тараз қаласы имамдары асыға күткен қасиетті айдың кіріп келгенін жамағатқа сезіндіру мақсатында мешіт ауласын тазартып, гүлдер егіп, сонымен қоса жамағат ауыз ашуы үшін мешіттерге құрмалар мен су диспансерлерін сатып алды.
Қасиетті Рамазан айына жеткізген Алла Тағалаға сансыз мадақ-мақтаулар болсын! Ұстаған ораза, қылған ғибадаттарымызды Алла қабыл етсін!
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі