#Жамбыл: Дүкендерден ішімдік алынып тасталды

#Жамбыл: Дүкендерден ішімдік алынып тасталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданында Шайқорық ауылы, Танты ауылы, Бесжылдық ауылы мен Қапал ауылдарында ауыл имамдары, ауыл жастары мен қариялары әр дүкенге кіріп, түсіндіру жұмыстары жүргізіді. Нәтижесінде, бірнеше дүкендер ішімдік сатудан бас тартты.

Ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауыл дүкендерін аралап, дүкен иелеріне өз алғысын білдірілді. Аудан имамы арнайы Жамбыл ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Татенов Талғатбектің қабылдануында болып, игі іс-шараны бірге атқаратыны сөз болды. Жасалған бұл игі іс-шара басқа да ауылдарда жалғасын табады.

Ислам  дінінде  адамзаттың  денсаулығына  зиянды,   адам  өміріне кері ықпалын  тигізетің заттар  «харам» яғни арам болып есептеледі. Арақ  ішудің  күнәсі үлкен. Арақ адамның  ниетін бұзып ғана қоймайды,  оны  адам келбетінен «хайуанға» айналдырады. Жүрегін қарайтып, көңілін бұзады, абыройын кетіреді. Тек  ақыл- ойын ғана емес, денсаулығын, отбасын,  туыс- туғандарына зиянын тигізеді. Сондықтан да, ішімдіктен аулақ болуға шақырамыз!

Жамбыл ауданының баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (14)

Оқи отырыңыз: