4 жасар бала сахараны жалғыз кесіп өткен

4 жасар бала сахараны жалғыз кесіп өткен

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұшы-қиыры жоқ тасты сахараның ортасында өз бойының жартысынан келетін қоржын арқалаған (оның ішінде азық-түлігі бар), жанұясынан жырақта қаңғып жүрген кішкентай бала табылды деп хабарлайды БҰҰ-ның ресми өкілдері. 4 жасар Марван БҰҰ-ның көк жейделі көмек көрсетуші қызметкерлеріне кездейсоқ кезігіп қалған.

Аталмыш жан түршіктірер бейнені БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Иорданиядағы үйлестірушісі Ендрю Харпер таспаға түсіріп, дүйсенбі күні интернетке таратпас алдын өзінің твиттер парақшасында жария етеді.

Жанары жасты жас бала Сирияның солтүстік беткейіндегі сахараны жалғыз өзі кесіп өтіп, Иорданияның оңтүстігіне жексенбі күні өтеді. Тағдыр тауқыметін ерте тартқан Марван есімді шынашақтай бала Сириядағы 3 жылға созылып, жүз қырық мыңнан астам жанды ажал құштырған сұрапыл соғыстан қашып, Иорданияны паналауға келген БҰҰ-ның тіркеуіндегі 600 000 сириялық босқындар қатарына қосылды.

Бүгінгі күні Иордания Сириялық босқындарды қабылдап жатқан Ливан мен Түркиядан кейінгі үшінші орында тұрған мемлекет. Жаны жаралы босқындардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар. Олар өздерімен бірге ең қажетті, көтере алатын заттарын алып жаяу шекара асқан. Тыныштық іздеп өзге елдің табалдырығын аттаған босқындарды БҰҰ мен Иордания әскері күтіп алып тіркеу орталықтарына жөнелтіп отырады.

Қазіргі таңда Иордания еліндегі «Затари» лагері жүз мыңдаған босқындарға баспана болу арқылы әлемдегі екінші үлкен лагерь қатарына қосылды және ол жер Иорданияның бесінші үлкен қаласы болып есептеледі.

muftyat.kz

http://www.muftyat.kz/upload/orig/news/238786_1392719895.jpg

http://www.muftyat.kz/upload/orig/news/999807_1392719902.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: