Брунейде көп ұзамай халал тағам өнімдерінің құрамында дінімізде тыйым салынған қоспалардың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік беретін жаңа құрал-жабдық пайда болады. Аталмыш құрылғы биыл шілде айында Бруней-Даруссаалям атты ғылыми орталық ашылғаннан кейін пайдалануға беріліп, іске қосылады.
Қазіргі уақытта өнеркәсіп және шикізат ресурстары министрлігі Анггрек Десадағы жоғары технологиялы халал зертханасы болатын ғимаратты жөндеуден өткізуде.
muslim.kz