Ғылымда көзге түскен мұсылман әйелдері

Ғылымда көзге түскен мұсылман әйелдері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тарихта тұңғыш рет «Ислам әлеміндегі ғылымда көзге түскен әйелдердің топ-20» тізімі «Мұсылман және ғылым» журналында жарық көрді. Олар – ислам әлемінің елеусіздеу кейіпкерлері. Алайда, олардың ислам әлемінің ғылымы мен инновациясына қосқан үлесі зор.

Осынау құрметті тізімнің бас жағында мысырлық доктор Самира Мұсаның аты-жөні тұр. Олның еңбегі бейбіт атомды зерделеуге арналған. Ал екінші орында профессор Несрин Хаддардың есімі жайғасқан. Ол Кувейттің және Ливанның энергетикалық болашағын зерделеуге өмірін сарп етіп келеді. Үшінші орынға Пәкістанда туып-өскен профессор Бина Шахин Сыддық есімді өсімдіктанушы табан тіреген.

Аталмыш тізімде ұзын саны 20 ақ жаулықтының аты-жөні тіркелген. Олар ғылымда айтарлықтай жетістікке жетіп, көш бастап келеді. Ғалым әйелдерді әлемнің түкпір-түкпірінен кезіктіруге болады. Олардың дені Оңтүстік-шығыс Азияда, Оңтүстік және Орталық Азияда, Парсы шығанағында, Мағрыб елдері мен Солтүстік Африкада, сондай-ақ, Солтүстік Америка мен Еуропада ғылыммен шұғылданып жүр.  

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: