Осымен төртінші рет қолға алынған Sharjah Light Festival Біріккен Араб Әмірліктерінің 12 қаласында өтуде.
Ақпан айының 6-нан басталған көз жауын алған айтулы шара бүгін аяқталады. Аталмыш шара Шарж шаһарын биыл ислам мәдениетінің астанасына айналдыру мақсатында өтіп жатыр. Осы мерекеге орай акцияға атсалысқан барлық елдімекен тоғыз тәулік бойы түнгі оттары жарқыраған ертегідегі қаланы көз алдыңызға әкеліп, нұрға малынды.
3D-технологиясының және жарық беру әрі графика саласындағы өзге де жаңа технологиялардың көмегімен елдімекендердің көрікті жерлері, сондай-ақ, сәулеті мен салтанаты бөлек ғимараттары өзгеше реңге еніп, мың құбылды. Осы шарадан ел тұрғыындары мен қала қонақтары Шарж шәрінің тарихы мен мәдениетін, сәні мен салтанатын, каллиграфиясы мен поэзиясын танып-біілуге мүмкіндік алды.
muslim.kz