Бас мүфтидің Саудия сапары (ФОТО)

Бас мүфтидің Саудия сапары (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ресми сапармен Сауд Арабиясына барды.

Діни басқарма делегациясын бастап барған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қажылық министрлігінің Жидда қаласындағы басқарма жетекшісі Абдолла Марғұланимен кездесті. Тараптар ресми басқосуда қажылық сапарында қызмет көрсету жұмыстарын талқылап, пысықтады. Тараптар өзара келісім-шарт құжатына қол қойды.

ҚМДБ төрағасы сапар барысында Транспорт департаменті бастығының орынбасары Әл Яманимен кездесіп, өзара ынтымақтастық құжатына қол қойды. Сонымен қатар, Ержан қажы Малғажыұлы Түркия қажылары мен Еуропа мұсылмандары департаментінің жетекшісі Тарық Анкауи мырзамен жүздесіп, басқосуда қажылық кезіндегі қызмет сапасын жетілдіру жұмыстарын сөз етті.

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: