Ислам дініндегі көркем мінез

Ислам дініндегі көркем мінез

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Исламдағы көркем мінез бұл мұсылманның діни құндылықтарды ұстануымен айқындалады. Ислам дінінің ахлақтық және құндылық негіздерінің қайнар көзі құран мен сүннет.

Кез келген нәрсенің іргетасы болады, исламның іргетасы да жақсы мінезге құралған. Жақсы мұсылман болу үшін көркем мінезге бай болу керек. Тіпті тар құрсаққа сыйса да, кең дүниеге сыймай ағайынмен ат құйрығын үзіп жатқан адамдардың арасын жақындататын күш - жақсы мінез құлық болмақ. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өзінің хадисінде: "Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім" - деп көркем мінездің маңызын көрсетеді.

Бір кісі келіп пайғамбарымызға: "Дін деген не?" - деп сұрағанда: Ол: "Көркем мінез," - деп жауап берді. Көркем мінездің ішіне сабырлылық, имандылық, кішіпейіл, мейірімділік, т.б. көптеген сипаттар бар. Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде: "Мүміндердің иман тұрғысынан ең кемелі - мінез-құлқы ең жақсы болғаны". "Қайда болсаңдарда Алладан қорық! Жамандық жасасаң артынша дереу оны жуып-шаятын жақсылық жаса. Елмен қарым-қатынаста көркем мінезді бол!" деп үмбетіне насихат қалдырған.

Халықта ортаға мінезіңмен сыясың деген сөз осыған дәлел бола алады. Тіпті кісіге күле қарағанның өзі садақа болып жазылады, ал кісі көңілін қалдыру шариғатымыз құптамайды. Негізі адами құндылықтарды құрметтеу өте маңызды. "Таразыға ең алғашқы тартылатын нәрсе - көркем мінез " деген хадис кемелдік жолын іздеген әрбір адам үшін бағдаршам іспетті. Көркем мінезділікке қол жеткізу - жүрек тазалығының белгісі. Көркем мінез екі дүниеде де бақытқа бастайтын бірден бір жол.

Қуаныш ИСЛАИЛОВ

Жамбыл ауданы, Құмтиын аулы

"Ботабай "мешітінің имамы 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: