Ислам террор діні емес татулық діні

Ислам террор діні емес татулық діні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бисмиллаһир Рахманир-рахиим!

Алла Тағала «Бақара» сүресінің 208 аятында «Ей, иман еткендер! Баршаңыз топ болып татулық және сенімділікке (Исламға) кіріңдер! Шайтанның іздеріне баспаңдар. Өйткені ол сендердің ап-ашық жаударың» делінген.

Жоғарыда айтылған аяттың ұғымы Исламның бір мағынасы татулық екенін білдіреді. Пайғамбарымыз (с.а.у) хадистеріне қарағанымызда соғыс тек қана қорғану мақсатында және сыртқы жаулардың соққыларынан сақтану мақсатында қолдану үшін қажет және тыныштықты сақтау, террордың алдын алу, зардап шеккендерге қамқорлық жасау, ғибадаттарын қорғау мақсатында қажет.

«Маида» сүресінің 32 аятында Алла Тағала: «Кімде–кім бір адамды жазықсыз өлтірсе, бүкіл адамдарды өлтіргенмен тең. Егерде кімде – кім бір адамның өмірін құтқарса (өлімнен сақтап қалса) бүкіл адамдарды құтқарғанмен тең» делінген. Тәуелсіздік алғалы Отанымызда ата дініміз қанат жайып, мәртебесі мен беделі көтеріліп, құбылаға бет бұрған иманы кәміл жандардың қатары артты. Алайда, дінді қалқан етіп, қоғамға іріткі салатын идеяларды таратып, саяси мүдделерді көздеп жүрген топтар да аз емес. Олар қоғамда алауыздық, жікшілдік, бүлік тұғызатын ауғыздарын түрлі айла-тәсілдер арқылы жүзеге асырып келді. Осындай экстремистік идеологиялардың белең алуы дін мұраттарын дұрыс түсінбеуден, діни сауаттылықтың төмендігінен орын алып отыр. Өйткені нағыз мұсылман адам кісіге үкім шығарып, «Сен кәпірсің, күнәһарсың» деген сөздерді қолданбау керек. Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде «Ең жақсы мұсылман – басқаларға тілімен және қолымен зиян келтірмейтін» - деген.

Діни сауаттылық, ұлттық тарих, дәстүрмен қатар әлемдегі болып жатқан үрдістерден хабардар болудан тұрады. Біле-білген адамға, өз Отанын сүюмен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу – діни сауаттылықтың бір қыры. Шын мәнінде, Пайғамбарымыздан (с.а.у) мирас болып, ата–бабамыздан аманат күйінде жеткен асыл дініміз еш ауқытта қатыгездік пен ала ауыздыққа жол бермеген. Экстримизмге қарсы күрестің бірден бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Экстримистік топтардың қаупі туралы елімізде тыйым салынған радикалды және экстримистік діни ұйымдар туралы халықты хабардар ету діни сауаттылықты арттырудың бір түрі. Соңғы кездері ҚМДБ заман талабына сай, ғаламтор беттерінде өз параққшаларын ашып, халықты қызықтырған өзекті мөрелерге қатысты материалды жариялау арқылы халықтың діни сауатын ашуда. Діни сауаттылықтың тағы бір қыры ол – қоғамның барлық топтары арасында ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Қазіргі таңда елімізде Ислам бағытында 14 діни білім беру орындары бар. Олардың қатарында, "Нұр-Мубарак" Египет Ислам мәдениеті университеті, ҚАМБАР жанындағы Имамдардың біліктілігін арттыру және 9-медресе, оның ішінде 5-еуі медресе -колледж, тағы 4-қарилар дайындау орталығы ел игілігіне жұмыс істеуде. Сонымен қатар, мешіттер жанынан ашылған сауат ашу курстары сауапты іс атқарып келеді.

Ел басымыз айтқандай, жұртымызға жат болған ағымдардың арбауына қарсы тұратын ішкі сүзгіні нығайту қажет. Ол ішкі сүзгінің аты - рухани байлық, діни сауаттылық. Дана халқымыз "Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар " дейді, сондықтан құрметті қауым, ілім мен білімге ұмтылайық.

 Ансар АБИЛОВ

Жамбыл ауданы, Қаламаңы ауылы,

“Хаджи Тамаль Мадина” мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: