Рамазандағы жалпы қателіктер

Рамазандағы жалпы қателіктер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ораза ұстап, бірақ намаз оқымау

Көптеген адамдар ораза ұстайды, бірақ бес уақыт оқитын парыз намазды, әсіресе сәресіден кейінгі таң намазын оқымайды. Мұндай жалқаулықты қою керек. Бес уақыт намаз оқу, ораза ұстау сияқты исламның бес шартының бірі. Егер сіз намаз оқудан әдейі қашатын болсаңыз, онда сіздің оразаңыздың қабыл болу мүмкіндігі қандай?

Құранға деген немқұрайлылық

Осы Рамазанда сіздің Құран кітабыңыздың сөреде шаң басып тұрмағанына көз жеткізіңіз.Арабша дұрыс оқи алмасаңыз, онда оқуыңызды жақсартыңыз. Егер арабша білмесеңіз, онда Құранның аудармалары мен тәпсірін оқыңыз. Күнделікті екі аяттан оқып бастаңыз — сіздің иманыңыз көтерілген сайын, одан да көп аяттарды оқи алатын боласыз. Сіздерге жиырма қысқа сүрені алып, соларды

жаттауға: оқуға, қайталауға, аудармасын оқуға, олар жөнінде ғалымдардың айтқандарын оқуға кеңес берер едім.

Жұмыс не емтихан салдарынан оразаны жіберіп алу

Емтихан мен жұмыс адамға оразаны жіберіп алуға мүмкіндік бермейді. Егер сіз өзіңіздің діни міндеттеріңізді орындасаңыз, Алла еңбегіңізді жеңілдетіп, жасап жатқан ісіңізге көмек береді.

«… Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады. Сөзсіз Алла Өз бұйрығын атқарады. Расында Алла, әр нәрсеге бір өлшеу қойған» (65:3).

Әлеуметтік желілерде отырып алу

Бәріміз де азды-көпті болсын уақытымызды Twitter, Facebook, Instagram немесе WhatsApp сияқты әлеуметтік желілерде өткіземіз. Бірақ Рамазан айында әлеуметтік желілерде отыруларыңызды мүлде тоқтатпасаңыз да өткізетін уақыттарыңызды қысқартуға тырысыңыздар.

Ораза мен диетаны араластыру

Ораза ұстаудың өзіндік жеке мақсаты бар. Ораза адамға арықтауға және салауатты өмір сүруге көмектеседі деп санап әрі тек диета, арықтау мақсатында ғана ораза ұстасаңыз, онда бұл құлшылықтың мақсатына қайшы келеді.

Хайыз кезінде қыз-келіншектер құлшылық қарқындылығын төмендетеді

Көп жағдайда қыз-келіншектер хайыз кезінде уақыттарын бос өткізіп алады. Құран тыңдаңыздар, зікір, салауат айтыңыздар. Осы уақытта жақсылық пен жомарттық көрсетіңіздер, ауыз ашарға көмектесіп немесе ауызашарды өзіңіз жасаңыз. Бұл жақсы істеріңіз үшін Алладан мол сауап аласыз, ин ша Алла.

Итикаф мүмкіндігін жібермеңіз

Егер сізде Рамазанның қалған он күнін итикафта өткізу мүмкіндігі болса, оны жіберіп алмаңыз. Бұл құлшылық түрінің әсері зор. Алайда егер сіз осы күндерді мешітте өткізер болсаңыз, онда бұл достарыңызбен араласып, телефоннан жаңалықтар қарап немесе журналдар оқып өткізу дегенді білдірмейді. Мешіттегі басқа бауырларыңызбен бірігіп осы уақытқа кесте құрып алыңыздар. Егер сізде нақты бір жоспар болса, сіз итикаф кезінде не істеу керектігін білетін боласыз.

Рамазанның 27-ші түнін ғана құлшылықта өткізу

Кейбір адамдар 27-ші түнді ғана құлшылықта өткізеді, басқа тақ түндерді елемей, дегенмен Қасиетті Қадір түнінің дәл күні бізге белгісіз. Пайғамбарымыз (ﷺ) «Қасиетті Қадір түнін Рамазанның соңғы он күніндегі тақ он түндерден іздеңдер», - деген (Бұхари, Мүслим). Көптеген ғалымдар жазғандай, мүмкін бұл түн расымен де 27-ші күніне дәл келер, алайда бізге оны Рамазанның соңғы әрбір он түнінде күту ұйғарылған.

Әбу Хурайра (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен ораза ұстап, Алланың кешірімінен үміт етсе, Алла оның барлық өткен күнәларын кешіреді; кімде-кім Қасиетті

Қадір түнінде шынайы сеніммен құлшылық етіп, Алланың беретін сыйына үміт артса, онда оның барлық алдыңғы күнәлары кешіріледі».

Алла Тағаланың жомарттығында шек жоқ. Егер Алла қаласа, Ол сізге 200 жылға жететін сауап береді. Бұл Алла Тағаланың кемеңгерлігі, Қадір Түнінің дәл қай түнге келері бізге аян емес, егер сіз Қадір Түнін жіберіп алсаңыз да Алла Тағала — бәрінің қайнар көзі, егер Ол қаласа, бұл түннің сыйын сіз басқа уақытта алатыныңызды біліңіз.

Рамазанның соңғы күндерін Ораза айт мейрамына дайындалумен өткізу

Кейбір адамдар Рамазанның соңғы күндерін Ораза айт мейрамына дайындалуға жібереді, тағамдар сатып алу үшін сауда орталықтарына барады, сөйтіп намаздарын қаза қылады әрі Рамазанның соңындағы құлшылықтарына немқұрайлы қарайды, әсіресе оларды Тозақ отынан, азаптан құтқаруды сұрауларына немқұрайлы болады. Пайғамбарымыз (ﷺ) Рамазанның соңғы күндерінде құлшылығын күшейтіп, Аллаға сыйынған, бірақ дүкендерге барған емес. Жақсы киініп және қонақтарына жақсы қарау бұл да Сүннет, алайда, осы игілікті айдың соңғы күндерін мұндай дүниелерге жұмсауға болмайды.

Айша анамыз (р.а.) былай келтірген: «Рамазанның соңғы күндері басталғанда, Пайғамбарымыз (ﷺ) белбеуін бекем байлайтын (яғни өз құлшылығын күшейтіп, әйелдерімен жақындасудан тыйылатын), түні бойы ұйықтамайтын әрі отбасын оятатын» (Бұхари, Мүслим).

Әли ибн Әбу Тәліб (р.а.) былай келтірген: «Уа, Алла Елшісі, бұл айдағы ең жақсы амалдарға не жатады?» - деп сұрадым. Ол былай деп жауап берді: «Әй, Әбу Хасан, бұл ай бойындағы ең жақсы амалдар — бұл Алла тыйым салғаннан бойыңды алшақ ұстау».

Бәрімізге де жоғарыда келтірілген қателіктерден ада болуға Алла нәсіп етсін!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: