Қасиетті жұма күні Шу қаласында мұқтаж және көпбалалы отбасылар үшін қала имамдары мен "Зекет" қорының бастамасымен «Берекелі Жұма» акциясын ұйымдастырды.
Алла Тағала Құран Кәрімде: "Зілзала" сүресінің 7-ші аятында «Ендеше, кімде-кім зәредей (мысқалдай жақсылық жасаса, соның қарымын алады» - деген.
Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы алдағы уақытта «Берекелі жұма» акциясы демеушілер арқылы әрқашан жалғасын табатынын жеткізді.
Алла Тағала демеушілік жасаған кәсіпкер азаматтарымызға отбастарына амандық, істеріне берекесін бергей!
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.