Тараз қаласының әкімі Е.Жылқыбаевтың үндеуіне қолдау білдіремін!

Тараз қаласының әкімі Е.Жылқыбаевтың үндеуіне қолдау білдіремін!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының әкімі Е.Жылқыбаевтың қала тұрғындарына үндеуіне дін мамандары атынан қолдау білдіремін. Дін исламда тазалық жолында жасалған әрбір әрекет жоғары бағаланады және оны амалға асырған пендеге мол сауаптар мен жоғары мәртебелер уәде етіледі. Мұхаммед пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) «Дін – бұл тазалық», «Тазалық – иманның жартысы» деп келген мүбәрак хадистерінен діндегі тазалықтың маңыздылығын ұғына түсеміз.

Құран Кәрімнің көптеген аяттарында және хадистерде тазалық мәселесіне ерекше тоқталған. Мысалы, «Бақара» сүресінің 222-аятында Алла: «Күмәнсіз, Алла тәубе етушілерді жақсы көреді, әрі таза болушыларды да жақсы көреді» дейді. Өзіміз тұрып жатқан қаланың көреюіне біз ғана әсер ете аламыз. Сондықтан барша тұрғындарды ортамыздың таза, қолайлы болуына үлес қосуға шақырамын!

Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: