#Сарысулық әйелдер жамағаты Наурыз тойын атады

#Сарысулық әйелдер жамағаты Наурыз тойын атады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының орталық мешітінде Әйел-қыздар жамағатына мешіт ұстаздары​ Мадина Қалқаманова мен Абибулла Аружан ұстаздардың ұйымдастыруымен "Қош келдің әз-Наурыз" атты мерекелік кеш болып өтті.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында әйелдер жамағаты мешітте бас қосып, төл мерекеміз қуанышпен атқарылды. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері жайлы сұрақтар қойылып, қызықты талқылаулар болды.

Жамағаттың жасы үлкені, ақ жаулықты Күнсұлу әжеміз ұмыт болған қазақы салт-дәстүрлерді жастарға үйретіп түсіндірді. Және барша жиналған әйел-қыздарды мерекемен құттықтап, ізгі дұға-тілегін білдірді.

Осылайша, кеш ақ дастархан басында жалғасын тауып, баршасына дәмі тіл үйіретін наурыз көжеден таратылып дәм берілді.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: