#Байзақ: Әйелдер жамағаты ұлыстың ұлы күнін тойлады

#Байзақ: Әйелдер жамағаты ұлыстың ұлы күнін тойлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық орталық мешітінде әйел-қыздар секторының басшылығымен мешіт ұстазы Жанат Кушербаеваның бастамасымен "Берекелі әз-Наурыз" атты іс-шара өтті.

Аталмыш мерекелік кеш Құран оқылуымен басталып, сұрақ-жауап сайысы, бесікке салу рәсімдерімен жалғасты.

Мешіт ұстазы көпшілікке уағыз айтып, жамағатқа наурыз көже таратылды. Дәм ауыз тиіп, наурыз тойын тойлаған нәзік жандылар бір-біріне жылы лебіздерін жеткізіп, ақ жаулықты әжелер батасын берді.

Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: