Ұлыстың ұлы күніне орай өткен әз-Наурыз мерекелік кешінде Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев 3 баланың тұсауын кесті. Олардың ішінде "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің директоры Қанат Жұмағұлдың ұлы да бар.
Облыс имамындай мықты азамат болсын деген ниетпен жасалған рәсімге өңірдің Әжелер алқасы, Әйел-қыздар секторы, мешіт қызметкерлері қатысты.
"Бисмиллә" деп бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, батасын берген Бейбіт Әліпбекұлы кішкене батырлар мен тәтті қыздың иманды, еліне қалаулы перзент, Алланың жолында еңбек ететін білімді ұл-қыз болып өсуін тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі