Әйелдер жамағаты әз-Наурыз мерекесін атап өтті

Әйелдер жамағаты әз-Наурыз мерекесін атап өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Қош келдің, әз-Наурыз" атты мерекелік кеш өтті. 

Іс-шараға арнайы келген облыстың бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев сөз сөйлеп, көпшілікті ұлыстың ұлы күні төл мерекелерімен құттықтады. Жиынға Әжелер алқасының мүшелері мен әйелдер жамағаты, мешіт қызметкерлері қатысты. 

Бас имам сүбелі уағыз жүргізіп, көпшілік ақ дастарханда бас қосып, дұға жасалды. 

Ақ жаулығы желбіреп, әжелеріміз "Бесікке салу" рәсімін жасады. Жұртшылықты қуанышқа қарық қылған кеш наурыз тойынын сәнін келтіре түсті. Шәкірттер аталған наурыз мейрамына арналған өлең шумақтарын оқыса, сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева да әйелдер қауымына өз тілегін жеткізіп жатты. 

Кезек аузынан ана сүті кеппеген, бұғанасы қатпаған балаға жақсы тілектерін жаудырып, батасын төгетін "тұсау кесер" рәсіміне келіп, 3 бірдей бала ілгері қадам басты. Облыс имамындай ер, азамат болсын, молда болсын деген ниетпен сәбиінің тұсауын кестірген аналар көпшіліктен телегей бата алып, бүлдіршіндер тәй-тәй басып көз қуантты. 

Игілік пен дұғаға толы, ауызбіршілік пен берекеге толы кеш барша қонақтың көңіліне жылулық ұялатқан-ды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: