Өткен аптада Стокгольмдегі мешіт жамағатын көңіліне кірбің түсірген жайт туралы жариялаған болатынбыз. Белгісіз біреулер мешіт есігіне фашистік белгілер табалап, мешіт жамағатының мазасын алған болатын. Ал, бұл жолғы жайт жамағат көңіліндегі кірбіңді кетірді десек артық айтпаспыз.
Таң намазына жиылған жамағат мешіт қақпасына жақындағандарында өз көздеріне өздері сенбей қалды. Қара таңба сызылған жерлеге гүл орамдарын ілініп, есік алдында ыдысқа отырғызылған гүлдер құлпырып тұрған еді.
«Мен қоғамымыз қатыгезденіп кетті ме деген қауіпте жүр едім. Бірақ бүгін бұл ойым түбегейлі өзгерді. Намазға жиылған мешіт жамағаты маған таңғы сағат жетіде қоңырау шалып, болған жайтты айтып қуантып тастады. Тіпті, фотосуретін жіберді. Сол сәттегі айтып жеткізе алмаймын»,– дейді швециялық Ислам ассоциациясының басшысы Омар Мустафа.
Вандалдар тарапынан қастандыққа ұшыраған Фиттдж мен Хагсатрдағы құлшылық ордаларына да осындай гүл бумаларымен белгісіз біреулер тосын сый жасаған көрінеді.
muslim.kz