Швед елінің астанасындағы орталық мешіт қабырғасына вандалдар қара бояумен түрлі суреттер салып, қастандықтың жаңа бір түрін шығарды.
Мешіт қабырғасындағы масқараны имамдар бейсенбі күні таң намазы алдында байқаған көрінеді. Вандалдар тарапынан бұндай қастандықтың бұған дейін де бірнеше рет жасалғанын айтады олар. Алайда, бұл жолғы салынған суреттер нәсілшілдікті ту еткендердің символына айналған сурет екен. «Негізінде бұлардың барлығы да граффити болып саналады. Бірақ бұл жолғы жазуды өте мұқият әрі үлкен дайындықпен жазған»,– дейді бұл жайында мешіт қызметкерлері.
Мұсылман жамағаты вандалдардың шектен шыққан бұл әрекетін тәртіп сақшыларына хабарлап, бассыздықты бұғаулауды сұрайды. Мешіт қабырғасындағы суреттер таспаға тартылып, қылмыстық айғақ ретінде тіркеліп, бүгінде іс қозғалып та кетті. Полиция қызметкері Микаэль Петтерсон Бұл қоғам бірлігіне сызат түсіруге тырысқандардың ісі екенін, бұған бей-жай қарамайтындықтарын жеткізді.
muslim.kz