2014 жылдың қаңтар айының бас кезінде әлем халқының саны 7,2 млрд адамға жетті. Немістердің жер шары халқы қорының баяндамасында осындай дерек келтірілген. Ал, жекелеген елдер бойынша халық санының көптігі жағынан Қытай көш бастап тұр – 1,4 млрд; Одан кейінгі орынға Үндістан жайғасқан – 1,2 млрд; Үшінші орыннан АҚШ көрінді – 316 млн адам.
Сарапшылар өткен жылы әлем тұрғындарының қарасы 80 млн адамға дейін өскенін алға тартып отыр.
Жуырда Лондон тазалық мектебі мен тропикалық медицина сарапшылары адамзаттың жалпы салмағын есептеп шығарды – 287 млн тонна. Ең ауыр тартатындарын да анықтады: АҚШ азаматының орташа салмағы – 80,7 келіні құрайды екен. Ал, Азия тұрғындарының орташа салмағы – 57,7 келі.
muslim.kz