«Исламда, сізді алаңдататын сұраққа, жауап бар!»

«Исламда, сізді алаңдататын сұраққа, жауап бар!»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің уағыз-насихат жұмыстарын оңтайландыру, уағыз-насихаттың бұқаралық сипат алуын кезек күттірмей қолға алу туралы тапсырмаларын жедел орындау мақсатында ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінен түрлі жұмыстар ұйымдастырылуда. Солардың бірі ретінде Павлодар қаласының ең негізгі көшесі болушы - Кутузов даңғылы бойына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтын  жарнамалаған жеке билборд орнатылды. Билбордта Қазақстан Республикасының саяси картасының фонында  ҚМДБ-ның сайтының адресі орналастырылып, оған қоса «Исламда, сізді алаңдататын сұраққа, жауап бар!»,-деген сөз қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылып, ҚМДБ-дан шыққан «Таным тұғыры», «Дін мен дәстүр», «Қазақ мәдениеті және Ислам құндылықтары» кітаптарының суреттері берілген.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі алдағы уақыттарда әрбір жұма уағызының ықшамдалған нұсқасын облыстық және өңірлік БАҚ беттерінде жариялап насихаттауды және әр жұма күні мешітке келуші бұқара халыққа бүктеме жасап тарату жағын қолға алуда.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

http://muftyat.kz/upload/orig/news/303598_1388647514.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: