Кисуаның (қасиетті Қағба жабындысы) сирек кездесетін қиындысы Жидда қаласында өткен Arabian Wings екінші бәссаудада 1 млн долларға сатылды. Сирек кездесетін дейтін себебіміз, бұл тәбәрікті 1354 жылы монарх әл-Бохра король Әбдіәзізге тарту еткен болатын. Көненің көзі, асылдың сынығындай болған бұл тәбәрік өте сирек кездесетін жәдігер саналады.
Arabian Wings — шартарапқа белгілі арт-компания екенін айта кету керек.
4,7 млн сауд риал пайда түсірген бұл бәссаудада ислами және осы заманғы өнердің үздік үлгілері болып табылатын саудиялық және араб қылқалам шеберлерінің туындылары да жұртшылықтың назарына ұсынылды.
muslim.kz